Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы
Бақша ғимараты екі қабатты. Балабақша қуаттылығы 200 орындық, балабақша 2016 жылы ашылып ,қазіргі таңда 185 баламен, 8 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік және орыс тілде тәрбиеленуде. Бақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, меңгеруші, әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 2 пеш арқылы жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған.